Сен және төтенше жағдай

2 қазан 2016 - Роза Жумагалиева

Тақырыбы:  «Сен және төтенше жағдай»

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсінік беру. Қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру және алғашқы көмек көрсетуді үйрену.  

Міндеттері:

           Білімділік: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;

           Тәрбиелік: Өрттен, жер сілкінісі, боран, үсік шалу, мұздақта жүру, зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті болу, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;

            Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, сахналық көрініс.

Құрал-жабдықтар:  ACTIVBORD  интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.

Сабақтың барысы: 

   I. Ұйымдастыру (амандасу, сабаққа қатысатын кісіні айтып кету)

   1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

   2. Демалыс орындарындағы өрттердің пайда болу себептері. (Слайдпен жұмыс, тақтадағы сурет бойынша түсінік беру).

   3. Өрттің алдын алу, өртенген жағдайда көрсетілетін көмек, өрт кезінде күйген адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру.

ІІ.Негізгі бөлім:    Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік — 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы.

1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.
      [A.] Халықаралық Азаматтық Қорғаныс символы.

 

 Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Азаматтық қорғаныс туралы Казақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматық қорғанысының негізгі міндеттерін, кұрылуы және жұмыс істеу принцип, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттілігін және Азаматтық қорғаныс(АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

-әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

-халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

-халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

- төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

-зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

- апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

- зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

- төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

- өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;

- адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

 

ІІІ. Топпен жұмыс

 1-топқа. Тұрғын үй секторындағы өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы, қараусыз қалған қыздырғыш приборлары, жылыту пештерінің приборлары, жылыту пештерінің ақаулығы, балалардың отпен ойнауы… Осы аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдарын оқушылар айтады ).

 2-топқа. Өткен жылғы мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500-дей көлік апаты мен жол оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 –дай адам зардап шекті. Оның ішінде 1900 адам қаза болған. Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы дәрежесінің негізгі себептері –көлікқұралдарының техникалық күйінің нашарлауы, жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің төмендеуі.(Оқушылар жауаптарын береді).

 ІY.   1-топ.    «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек  ».

2-топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»

 (Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айту).

 

Y. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын белгілейді)

 

1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау күні»

     а)1.01.                             в)1.02.                      с) 1.03.

2. Егер үйіңде өрт болып қалса қай номерді тересің ?

     а) 102;                              в) 103;                     с) 101.

3. «102» номерін тергенде кімге телефон шалып жатырсың?

     а) дәрігер;                     в) милиция;               с) газ.

4. Егер иісін сезсеңіз қай номерді тересіз?  

  а) 104;                                в) 102                        с) 103.

5. Егер жақын адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге хабарласасыз?             

     А) 101                             в)103;                       с) 102.

 

 

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК-де жұмыс істеу алдында
3. Жұмыс істеу кезінде 
4. Авариялық жағдайларда 
5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 103 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұтау;
4. Дәрігер шақыру.

Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

IX.     Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

- 2512232

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар