Сабақ жоспары

9 қараша 2018 - Асемгул Батколдина

Риддер  қаласы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп –гимназия»коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің бастауыш сынып  мұғалімі

Батколдина Асемгул Токтасыновна                                                                

1  сыныптың  математика  пәні  бойынша жасаған  ықшам  сабағымды  таныстырып  өтейін:

     Бөлімі:  4А,   Бөлімшесі: «Шамалар  және  өлшем  бірліктері», Тақырыбы: «Монеталар»  осы  бойынша  көзделген  оқу  мақсаты:

1.1.3.6.  1тг,  2тг, 5тг, 10тг, 20тг  тиындарымен  түрлі  операцияларды  орындау. 

Оқу  мақсатына  сәйкес  саралап  алынған  сабақ  мақсаттары :

Барлық оқушылар: 1тг,  2тг, 5тг, 10тг, 20 теңгелік  монеталарды  таниды, салыстырады, монеталарды  оның  құнымен  салыстырады.

Көптеген оқушылар:  2тг, 5тг, 10тг  монеталардан   ірі  монеталарды  шығарады, түсіндіреді.Ақшаны санауды үйренеді

Кейбір оқушылар: 1тг,  2тг, 5 тг, 10 тг құны    бірдей монеталардан 20 теңгені алады, құны  бірдей  монеталарды  қолдануды  үйренеді.

         Бұл  ықшам сабақта  — топтық,  жұптық,  ұжымдық    белсенді  оқыту  түрлерін  қолдандым.Алынған  тапсырмаларым  сабақтың  мақсаттарына  сай  саралап  алынды.Әрбір  тапсырманы  орындауда  оқушылардың  жұмыс  жасауға  деген  қызығушылығын  арттыруда  белсенді  оқыту  әдіс—тәсілдерін  қолдандым.

   ***  1тапсырма — сабақ  мақсатындағы — барлық  оқушылар  қабілетіне  қарай  білім – білік  дағдыларына  сай  алынды.

 Бұл  тапсырманың  мақсаты: Монеталарды құны  бойынша  салыстырып, сәйкестендіру.

   Тапсырманы  ұжыммен  орындайды. Балалардың   қызығушылығын  ояту  үшін белсенді  оқыту  әдіс –тәсілі ретінде «Кім  шапшаң?»  ойыны  ұйымдастырылады  және  «Жұлдызшалар»  тәсілі  арқылы  бағаланады.

Күтілетін  нәтиже: оқушылар  теңгелерді  танып  және  салыстыра  алу  керек.

     ** * 2 -нші  және  4  тапсырма  – сабақ  мақсатындағы көптеген  оқушылардың дағдыларын  қалыптастыру үшін алынды.

2-нші тапсырманың  мақсаты: Сабақ  мақсатында  көрсетілгендей -2тг,5тг, 10тг монеталардан ірі  монеталарды шығару  және  ақшаны  санауды  үйрену.Және  монетадағы  жазылған  сан – оның  құны  екенін білу.

  Бұл тапсырма топпен  орындалады. Бұл  жерде  «Аквариум» ойынын  ойнату  арқылы оқушылардың  жұмысқа  деген  белсенділіктері  арттырылады.Кіші  монеталарды  қолданып  ірі теңгелерді алады.

Бұл жерде Ішінара  зерттеушілік  әдісі  арқылы осыған  ұқсас  тасырмаларға  тәжірибе  жасау  арқылы  көз  жеткізіп  жаттығады.Топтар  бірін- бірі  «Бағдаршам»  тәсілі  арқылы  бағалайды. Бұл  тапсырмаға төмендегідей  дескриптор құрылады:

Дескриптор:

·        10 тг  құны 2 тг монетадан 5-еу екендігін анықтады.

·        20 тг  құны 10 тг  монетадан 2-еу  екендігін  тапты.

·        20 тг құны 5 тг монетадан 4-еу екендіген білді.

*** 4  тапсырма -  жұппен  орындалады. (Көптеген оқушылар) Бұл  тапсырманың 

Мақсаты: Ақшаны  санай  білу  және  монеталарға  есептеулерді  қолдана білу дағдысын  қалыптастыру.

  Тапсырманы  орындау «Ойлан, жұптас! »  тәсілі  арқылы жүзеге асады. Бұл  тапсырманы  оқушылар жұппен  екі  оқушы  бір – бірімен  ақылдаса  отырып орындайды. Қалыптастырушы бағалаудың  жұптық  тәсілі  қолданылады.Мысалы: 1 жұп 2-нші  жұпты ,2-нші жұп 3-нші  жұпты т.с.с бағалайды.

*** 3 тапсырма — сабақ  мақсатындағы кейбір  оқушыларға арналып  алынған.

Бұл  тапсырманың  мақсаты: Монеталарды  құны  бірдей  монеталармен көрсету және  дәлелдеу.

   Оқушылардың  белсенділігін  арттыруда «Монеталар пойызы» ойыны арқылы  жүзеге  асады.Бұл  жерде  қабілеті  жоғары  оқушылар  белсенділік  танытып, оқуды  қолдауды  қажет  ететін  оқушыларға  көмек  береді.Оқушылардың сабаққа  қызығушылығын, белсенділігін, өз- өзіне сенімділігін  арттыруда «Монеталар» тәсілі  арқылы бағаланады.

Сабақ  соңында: «Ыстық  орындық» ойыны арқылы  сұрақ – жауап қолданып, сабақта  нені  білді, нені үйренді шолу  жасап  өтемін.

Оқушылар     әріптестерімнен  үйренген, «Термометр» тәсілі  арқылы рефлексия жасайды, төмен  шәкілді  көрсеткен  оқушылармен кері  байланыс  жасаймын.

Қорытындылай  келе  айтарым:

       Тренерден: Оқытудың  белсенді әдіс- тәсілдерін, атап  айтсам:ішінара — ізденушілік, зерттеушілік  және  проблеманы  шешу әдістері, критериалды бағалау түрлерін, дескриптор құруды, кері байланыс беруді, сараланған тапсырмалар құрауды, сөйлеу  әрекетінің түрлерін, ҚМЖ  — мен жұмыс  жасауды  үйрендім.

 Әріптестерден: Әріптесім —  Айдана    ықшам  сабағында  қолданған   “термометр”, “түстер  сигналы”бағалау  тәсілдерін үйреніп өзімнің ықшам сабағымда қолдандым.

   Болашақта:                       

Әріптестерімнің ықшам сабақ  беру  кезіндегі жасалаған  кері байланысын  яғни, “Спираль”, “Сиқырлы  шаршы”, «Термометр» тәсілдерін  өзіме  алдым. Болашақта осыларды әр  сабағымда өзгертулер  енгізіп  қолданамын.

                        

                                          Назарларыңызға  рахмет!

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихМақала

- 2562359

Теги: 123456
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар