Сабақ жоспарлары

БиС технологиясы бойынша құрылған

«Ауызша сабақ-1» картасы

Сынып: 3 «ә»

Пәні: дүниетану

Тақырып: Өсімдіктердің тіршілік ортасы

Мұғалім: Мухамеджанова А.Қ.

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

І. Қарама-қарсы сұрақтар

ІІ. Тірек сөздер

ІІІ.Қарама-қарсы сұрақтар

ІҮ. Сыни тұрғыдан  сұрақтар

Ү.Эссе

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Бүгін «Ауызша сабақ 1»картасы бойынша жұмыс жасаймыз.

Бастамас бұрын көшбасшысына сөз беремін

Көшбасшысына сөз

— Біз мектептің мақтанышы боламыз ба?

Дүниетанудан 5 алып жақсы нәтижеге жетеміз бе?

І. Өткен  сабаққа бекіту жасап алайық.Бәріміз дайынбыз ба?

Сендерге қарама-қарсы сұрақтар қойылады

Қарама-қарсы сұрақтар:

1.Шалғын, батпақ, өзендер мен көл жағалауларында не өседі? (өсімдіктер)

2. Шалғын, батпақ, өзендер мен көл жағалауларында  өсімдіктердің өсуіне қандай қолайлы жағдайлары бар?  (ылғал, жылы, күн көзі)

3. Бұл жерлерде өсетін өсімдіктерді қандай өсімдіктер деп атайды? (ылғалсүйгіш )

4. Ылғалсүйгіш өсімдіктердің жапырақтары қандай болады? (  ылғалды жинауға ыңғайлы)

5. Ылғалсүйгіш өсімдіктердің тамыры қандай болады? (қысқа)

6. Ыстық, шөлді аймақтарда қандай өсімдіктер өседі? (құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер)

7. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің тамыры қандай болады? (ұзын)

8. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің жапырақтары қандай болады? (кішкентай және ұсақ)

9. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің жапырақтары кішкентай және ұсақ болғанының қандай пайдасы бар? ( суды аз буландырады)

10. Қандай жарықсүйгіш өсімдіктерді білесің? (мақта, күнбағыс, жүгері, жолжелкен, қоңыраугүл, бақ-бақ)

11. Орман мен тоғайларда қалың жапырақ арасынан күн көзі қалай өтеді? (нашар)

12. Орман мен тоғайларда өсетін өсімдіктерді қалай атайды? (көлеңкеге төзімді өсімдіктер)

13. Қандай өсімдіктерді жылусүйгіш өсімдіктер деп атайды? ( жылылықты сүйетін: жүгері, қияр, қызанақ, мақта)

14. Бидай, сұлы, арпа тұқымын қашан себеді? (ерте көктемде)

15. Неге кейбір өсімдіктерді  суыққа төзімді дейді? (суыққа қарамастан олар өсе бастайды)

16. Ыстық жерде өсетін тамыры қысқа өсімдікті ата.

Қорытындысы

 

1.      Тіршілік ету ұзақтығына қарай өсімдіктер қандай болады? (біржылдық, екіжылдық, көпжылдық)

2.      Қандай өсімдіктерді біржылдық өсімдіктер деп атайды? (олар гүлдейді, тұқым береді, содан кейін қурайды)

3.      Қандай біржылдық  өсімдіктерді  білесіңдер? (бидай, күріш, жүгері, күріш, жүгері, тары, сұлы, асқабақ, баялды, қарбыз)

4.      Қай жыл мезгілінде өсімдіктер көбірек өседі? (көктемде және жазда)

5.      Бірінші жылы кейбір өсімдіктердің нелері  өсіп шығады? (тамыры, сабағы, жапырақтары)

6.      Күзде өсімдіктің қай бөлігі топырақтың астында қалады? (тамыры)( екінші жылы өсімдік гүлдейді, тұқым береді, қурайды)

7.      Қандай өсімдіктерді екіжылдық өсімдіктер деп атайды?

8.      Қандай екіжылдық өсімдіктерді білесіңдер? (сәбіз, шомыр, шалқан, қызылша)

9.      Олардың қай бөлігін тамаққа пайдаланады? (жуан тамырын)

10.  Қандай өсімдіктерді көпжылдық өсімдіктер деп атайды? (көп жыл тіршілік ететін, олар жыл сайын гүлдейді, тұқым беред, жаңа жапырақтар шығып, діңдері қалыңдап, бойы өсіп, ұзара түседі)

11.  Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? ( кесіп, сақинасының саны арқылы)

12.   Қандай көпжылдық шөптесін өсімдіктерді білесіңдер? (бақбақ, жолжелкен, оршаған)

13.  Сексеуіл неше жылға дейін өседі? ( 50 жыл)

14.  Емен ағашы неше жылға дейін өседі? (2мың)

15.  Қайың неше жылға дейін өседі? (100-150 жыл)

16.  Жер бетіндегі ағаштардың арасынан ең ұзақ тіршілік ететін ағашы қалай аталады?( секвойя)

 

 

Тірек сөздер

1-2.Тіршілік ортасы / өсімдіктің өсіп-жетілуіне керекті жағдайлардың барлығы жеткілікті жер/

3. шалғын 

4-5- қылқан жапырақты

 6-7 құрылыс материалдар

 

Қарама-қарсы сұрақтар:

1.Өсімдіктердің өсіп жетілуіне не әсер етеді? ( тіршілік ортасы)

2. Тіршілік ортасы деген не?/өсімдіктің өсіп-жетілуіне керекті жағдайлардың барлығы жеткілікті жер/

3. Қандай жағдайларда өсімдіктер өседі? (ылғалды, құрғақ жағдайларда)

4. Өсімдіктер қай жерде кездеседі? (шалғын өзен жағалауында, далалы жерлерде, тауларда)

5. Қай жерде ылғал мол болады? ( Шалғында)

6. Шалғында қандай өсімдіктер өседі? (бақбақ, сарғалдақ, қоңыраугүлдер, гүлкекіре, беден)

7. Адамдар шалғынды қалай пайдаланады? (мал жайылымына, пішен)

8. Таулы жерлерде қандай орман кездеседі? (қылқан жапырақты)

9. Қылқан жапырақты орманда топырағы мен ауасы қандай болады? (топырағы тасты, ауасы салқын)

10. Өзен жағалауында қандай орман кездеседі? (жапырақты)

11. Жапырақты орманның топырағы қандай болады? (құнарлы)

12. Аралас орманда қандай ағаштар өседі? (жапырақты, қылқан жапырақты)

13. Аралас орманда қандай шөптесін өсімдіктер өседі?( бақбақ, жолжелкен, ошаған, түймедақ)

14. Адамдар орманды қалай пайдаланады?

15. Қазақстанның қандай жерінде көп әртүрлі шөп өседі? (далалы жер)

16. Дала өсімдіктерінің тамыры мен жапырағы қандай болады? (тамыры ұзын, жапырақтары жіңішке)

 

 

Сыни тұрғыдағы сұрақтар

1.      Қазақстанның қай шөлді аймағында шалғын кездеседі?      (жоқ, шалғын өзен жағалауында, далалы жерлерде және тауда да кездесуі мүмкін.)

2.      Шалғында ылғал аз бола ма?                                    (Шалғында ылғал мол болады.)

3.      Көктемде қай шөптегі ерте гүлдейді сары бақбақ па әлі  жасыл шырша ма? ( жасыл шырша шөптегі емес)

 

4.      Шалғында нәрлі жапырақты шөптекті  өсімдіктер сирек болып өседі ме?       

5.      Гүлкекіре неше  сантиметрге дейін өседі екен? (1метрге дейін)

6.      Шалғынды адамдар қалай пайдаланады құрылыс материал дайындай ма, әлі демалыс орнын ұйымдастыра ма? /жоқ, мал жайылымына пайдаланады/

7.      Не себептен нәрлі  шалғын  шөпті  шаппай кептіреді? /нәрлі  шалғын шөпті  шауып кептіреді/

8.      Таулы жерлерде жапырақты ормандар  кездеседі./ Таулы жерлерде қылқан жапырақты ормандар  кездеседі

9.      Аралас орманда қандай ағаштар өседі қылқан жапырақты ма,әлі жапырақта ма?/ қылқан жапырақты да, жапырақта да/

10.  Не себептен Қазақстанның оңтүстігіне қарай бұталар сиреп, биік ағаштар көбейеді? / оңтүстігіне қарай бұталар көбейеді/

11.  Қандай ағаштар тоғайда өседі  беде ме, әлі  атқонақ па? /бұлар ағаш емес/

12.  Қай кезде адам қыста малдарына беретін пішенді ағаштан дайындайды?/пішенді ағаштан дайындамайды/

13.  Далалы аймақтың топырағы қоңыр топырақты ма, әлі сор ма? / қара топырақты/

       Шалғында нәрлі жапырақты шөптекті  өсімдіктер сирек болып өседі ме?

Эссе жазу

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліМенің сыйлықтарым

Бастауышсабақ жоспары

БастауышЖер ғарыш денесі

Бастауыш"Отлақ өсүмлүклири вә жаниварлири"

Күнтізбелік жоспарДүниетану пәнінен күнтізбелік жоспар (2 сынып)

- 2562478

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар