Оқу үдерісінде ойын түрлерін пайдалану

                                    Оқу үдерісінде ойын түрлерін пайдалану

Қызылорада облысы. Шиелі ауданы. № 156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі.                                                                        Бастауыш сынып мұғалімі Қайықбаева Гүлбарам Жанайдарқызы

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты  жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.
Ал, дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойын үстінде баланың  түрлі қасиеттері, қабілеті  мен белсенділігі  көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

 Ойынның мақсаты- бағдарламада анықталған пәндер бойынша білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. 
Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.

Сынып проблемасын алуға негіз болып отырған бұл өзекті мәселеден мен де тыс қалған жоқпын. Алдыма келген бүлдіршіндерді заман талабына сай оқытып, тәрбиелеудің жолдарын іздестірдім. Қай ұстазды болсын алаңдататын бір жәйт ол баланың дербестік іс-әрекеті, сабақта баланың ойын дитактикалық ойындар арқылы дамыта білу қабілеті.

 Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық  құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын  элеметтері  араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық.

 Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек.  Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың  сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», 

Дидактикалық ойындар  кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту  сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі  ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
 Баланың ойын дидактикалық ойындар жұмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. 
Олар мыналар: 
1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (құрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар)
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жұмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату, ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады.
3… Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз.
4. Осы сабақтарды қызықты өткізу үшін математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни әр пәнге дидактикалық ойындарды қолдандым.
5. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
6. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.
7. Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту. 
Бастауыш сыныптарда ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруымыз керек: 
1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. 
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Ойынның жүру барысында балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. 
«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.
Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Сабақта қолданылатын ойын түрлері кең: «Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Не өзгереді?», «Почта», «Үндемес». Ойын кезінде мыналар ескеріледі: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шарттарының дұрыстығын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынас, тәртіп. 
Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. 

Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне  көп көңіл бөлген жөн. Ана тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Мектепалды  оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал»,  «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап»  т.б. «Математикалық жарыс»,  «Математикалық  шытырман», « Математикалық  пойыз»  т.б.ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» – екі команданың немесе  оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы  түрінде өтеді.

 

- 2562515

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар