Мамандықтар

15 қаңтар 2017 - Асель Бегимбетова
Мамандықтар

Атырау    облысы,
Исатай  ауданы,  Исатай  селосы. 

                                                                                    «Балбөбек»  балабақшасының  тәрбиешісі.

                                                                                                   Бегімбетова Асел Болатқызы           

 

 

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

                                  Тақырыбы:«Мамандықтар»  

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: Қоршаған ортамен танысу, Мүсіндеу

Тақырыбы:«Мамандықтар» , «Дәрігер қобдишасы»    

 Білімділік: Мамандықтар туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Мамандықтарға қызығушылықтарын                                                                                                                                                                                                                                                                арттыру;

Тәрбиелілік: Барлық мамандық иелерінің еңбектерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Білімділік: Мүсіндеу дағдысын жетілдіре отырып, ермексазды жалпақтау, шеттерін кесу арқылы төртбұрышты пішінге келтіру. 

Дамытушылық: Мүсіндеудің бұрын бекітілген әдістерін дамыту.      

Тәрбиелілік: Мүсіндеуге ынталылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сөздік, практикалық,әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі,қажетті құрал-жабдықтар: Слайд,әртүрлі мамандық иелерінің суреттері.Жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш, сулық,үлестірмелі материалдар

Сөздік жұмыс: Аспаз,ғарышкер, шаштараз

Тәрбиешінің қызметі

 Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

               Қуанамын мен де,

               Қуанасың сен де.

               Қуанайық достарым,

               Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Бәріңе сәттілік тілеймін!

Өткен оқу іс-әрекетінде қандай тақырыппен таныстық?

 Біз не білдік?

Еңбекті қадірлей білуіміз керек.

Диқаншылар егеді, суарады.Машиналар қап-қап ұн тасиды.Дүкеншілер сатады.

 

 Балалар қызметі

Шаттық шеңберінде тұрып,өлең жолдарын айтады.                                                                           «Ас атасы-нан» тақырыбымен таныстық.                                                                                          Нан-дастарханға үлкен еңбекпен келеді, нан адамның тіршілік қорегі,ұннан әртүрлі тағамдар әзірленеді, нанның бидайдан өсетінін Нанды диқаншылар егеді, суарады.Машиналар қап-қап ұн тасиды.Дүкеншілер сатады.

Тәрбиешінің қызметі

 Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз мамандық иелері туралы болмақ.

-Балабақшаға келгенде сендерді ең бірінші кім қарсы алады?

-Енді балалар, тәрбиеші туралы айтып беріңдерші.Тәрбиешілер балабақшада қандай жұмыспен айналысады.

-Жарайсыңдар балалар, сендер тәрбиеші туралы біледі екенсіңдер.

-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

 -Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен, балалар.

 -Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды, киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.

 -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді,қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.

Жұмбақ шешу

 -Балалар мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп тұр, тыңдаймыз ба?

1.Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы (Аспаз)

2.Кірпіштен сарай,үй салады, ол адам кім болады? (Құрылысшы)

3. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады(шаштараз)

4.Аспанға ол самғайды,   Ғарыштарды шарлайды. (Ғарышкер)

Дид/ойын «Кай мамандық иесінің дауысы?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

 1)Тәтті нан сатамын!  -Сатушы

 2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?   -Жүргізуші

3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.  -Дәрігер

 4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?  -Шаштаразшы

 5)Бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әрекетінде мамандықтар тақырыбымен танысамыз!  -Мұғалім

6)Мен тоқаш  жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.  -Аспаз-деп өз жауаптарын береді

Сергіту сәті

  «Көңілді күн» әнін қосып, балаларды билету

   (Әннің ырғағына сай билеп бойларын сергітеді)

— Рахмет, балалар, біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

 

Ермексазбен жұмыс.

Ермексазды жалпақтау, шеттерін кесу арқылы төртбұрышты пішінге келтіру

1)      Дарігер қобдишасын мүсіндейді.

 

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1.Мамандық адамға керек пе? (иә)

2. Аспаз  балаларды оқытады? (жоқ, мұғалім оқытады?)

3. Құрылысшы адамдарды емдейді? (жоқ, дәрігер емдейді)

4. Жүргізуші машина жүргізе ме? (иә)

5. Шаштараз шаш қимайды? (жоқ, қияды)

6.Мұғалім дәрі бере ме?(Жоқ, дәрігер)

7.Егінші егін екпейді? (жоқ, егеді)

8. Кітапханашы кітап бере ме? (иә)

(«Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді)

-Жақсы балалар! Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді?

— Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын, мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!

 -Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

-Тәрбиеші Мұқият тыңдайды.Суреттерге қарап, мамандық иелерін атайды.

Зер сала тыңдайдыБалалар тыңдап отырады.

 Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы, кез келген мамандық алу үшін арнайы оқу орнын бітіру керектігін.

Игереді: Тәрбиеші, аспаз, дәрігер, сатушының еңбегі мен қызметтері туралы.

Меңгереді: Мамандық иелерінің қоғам үшін маңыздылығын, олармен қарым-қатынасын бағалауды, оларға құметпен қарауды

 

 

 

 

- 2347336

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар