Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

3 қазан 2016 - Роза Жумагалиева

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

 

Мақсаты: Оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың өмірін,қызметін, еңбегін таныстыру.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, жақсы оқу, адал еңбек ету, Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Міндеті: Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы терең білу.

Күтілетін нәтиже: Елбасын құрметтеу,қорғау, ел үмітін ақтау.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың портреті, отбасылық суреттері, буклеттер, даналық сөздер т.б.

    

      «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

Н.Ә.Назарбаев

Барысы: І.Ұйымдастыру

1.Сабақтың мақсатын хабарлау

2.Гимн

 

ІІ.Кіріспе бөлім

1-жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім,қазағым деп тебіренем,

Өйткені біз – тәуелсізбіз, азатпыз.

 

ІІІ.Негізгі бөлім.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтатын жөні бар.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай-талай асқарлы асуларды бағындырдық.

2-жүргізуші: Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді.Бұл жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар.

1-жүргізуші: Баршамызға белгілі еліміздегі мерекелер заңына сәйкес 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні болып жарияланды.1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентінің алғаш рет өткізілген бүкілхалықтық сайлауында көпшілік дауыспен Н.Ә.Назарбаев ел президенті болып сайланды. Елбасы 1991 жылдың 10 желтоқсанында инаугурация кезінде жас мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерін айқындап берді.

2-жүргізуші: 1991жыл 16 желтоқсан – ел тарихындағы ұлы күн.Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.

1992 жылы 4 маусымда өзінің нышаны – рәміздерді айқындап алды.

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы Ата заңымыз қабылданып, еліміз үшін қызмет атқарылды.

1996жылы «Қзақстан – 2030» бағдарламасын қабылдады.

1998 жылы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

Сарыарқа төсінде,

Сән берген Есілге

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

 

Ән: «Астана»

 1-жүргізуші: Жыл сайынғы халыққа жолдауының маңыздылығы бір бөлек. 2011 жылғы елімізде ЕҚЫҰ саммитінің өтуі, оған 56 мемлекеттің басшысының қатысуы, 27 елдің спортшыларын жинап, VІІ қысқы Азия ойындарын өткізуіміз – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері екені анық.

1-оқушы: Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

2-оқушы: Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

3-оқушы: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

       2005 жылы 4желтоқсанда 91,5% дауыс алып қазақстан Республикасының президенті болып қайта сайланды.

       Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғары Бас Қолбасшысы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 4 шілдеде Алматы облысы,Қарасай ауданы, шамалған ауылында дүниеге келді.балалық шағы таршылық заманда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету болды, шөпшек теріп, отын жарды. Ата—анасын қатты құрмет тұтты.Нұрсұлтан деп атын әжесі қойған.

      1947-1948 оқу жылында 1-сыныпқа барды. 1958 жылы Абай атындағы қазақ орта мектебін күміс медальмен бітірді.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Алғашқы ұстазының «білім алмай бодым деме, еңбек етпей толдым деме», «Екілікке жылап, жасыңды төккенше, бестікке теріңді төк» деп айтқан сөздері мақал сияқты жадында жатталып қалды.

       Мектепті бітірген соң, Украинадағы Днепродзержинскі қаласының 8 технологиялық училищесінде оқып, болат құюшы мамандығын алды. Еңбек жолын жұмысшы болып бастап, өзінің шешендігі,ұйымдастырушылық қасиеті арқасында жоғары лауазымдарға ие болды.

4-оқушы: Н.Ә.Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін,үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

5-оқушы: Н.Ә.Назарбаев әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді.Ол үшін саясатшы болу бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

6-оқушы: Н.Ә.Назарбаев қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды. (Елбасының саяси өмірбаянын айта отырып, «Бәйтерек» бейнесін құрастыру)

Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмірін Астананың символына айналған «Бәйтерек» бейнесіне теңеді. Бәйтерек – жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы.Астана көркі адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы. Ел мерейін өсірер мұндай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында Астана асқақтап, еліміз қарыштап қанатын кеңге жаюда.

7—оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

8-оқушы: Кең-байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

9-оқушы: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұрағам.

10-оқушы: Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұрағаның!

 

Ән: «Нұраға»

 

 

ІV.Қорытынды.

      Нұрсұлтан Назарбаев 40жастың қырқасында-ақ ел басқаруға араласты, ол 50 жастан асқанда халқы мен еліне заманалардан бері ешқашан қолы жетпеген бес жоққа қол жеткізді. Олар: тәуелсіздік, дербес мемлекет, ұлттық валюта – теңге, Қарулы Күштер және жаңа астана.

      Шерхан Мұртаза «Басшы біреу болсын, басқамыз саған тіреу болайық» деп бірлікке шақырған еді.

      Елбасымыздың ойлайтыны қашанда елдің қамы.Сондықтан бәріміз Президентімізге тілектес бола білгеніміз жөн. «Ең жақсы патша – өз халқына мылтықтың дауысын естіртпеген патша» — деген бар. Бұл жағынан біздің Елбасымыздың халық алдында жүзі жарқын. Бұның бәрі Президентіміздің сарабдал саясатының жемісі.

 

Хор: «Елім менің»

 

Жүргізушілер бірге:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

 

Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

- 2000625

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар