В дыбысы

25 қазан 2016 - Аягоз Курмантаева

Күні:                                                  Сыныбы: 3                Пәні: қазақ тілі         

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «В» дыбысы  туралы білімдерін тиянақтау, білімдерін айқын жеткізуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Тақырыпты игере отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, ұжымшылдыққа жұмылдыру.

Сабақтың түрі:  Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ережелер, бос торкөздер, үлестірмелі қағаздар т.б.

Сабақтың барысы:

I.     Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушыларды үш топқа бөлу.

-          «В» дыбысы туралы нені білетінімізді ортаға салайық.

-          Топтастыру.

В дыбысы

Сөздің барлық буыныныда кездеседі.

Орыс, шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады.

Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Мыс: аквариум, вагон т.б.

Дауыссыз

Ұяң

Үй тапсырмасын тексеру.

II. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы, көшіріп жаз. В әрпі бар сөздердің астын сыз. Олардың жазылуын есте сақта.

Верандада Ваня аға

Велосипед майлады.

Вова шығып далаға,

Вагон сүйреп ойнады.

2-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді оқып, қарамен жазылған дыбыстардың айтылуын салыстыр.

Болат                              вагон

Домбыра                        Тува

Барабан                          волейболшы

 

 

В мен б дыбыстарының айтылуында қандай өзгешелік бар деп ойлайсың?

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, в әрпі бар сөздерді көшіріп жаз. Олардың жазылуын есте сақта.

Киев, волейбол, автобус, паравоз, ваза.

 

4-жаттығу. В дыбысы ортасында келетін сөздер тауып айт.

Автобус, аквариум, автомобиль, трамвай т.б.

5-жаттығу. Бос торкөздерге в әрпі бар сөздерді тауып жаз.

в

а

г

о

н

д

и

в

а

н

П

а

в

л

о

в

а

о

б

е

т

в

у

с

л

о

с

и

п

д

в

е

6-жаттығу. Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастырып көр. Құрастырған мәтініңе ат қой. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.

Қарамен жазылған сөздер: Австралия, еврей, иврит, эквалипт, гевея.

Эквалипт ағашы

Диджеридуді эквалипт ағашынан істейді. Алдымен ағашты құмырсқаның илеуіне кіргізіп қояды. Термиттер ағаш ішіндегі жұмсақ бөлігін іші қуыс болып қалғанға дейін біртіндеп жеп қояды. Содан соң шеберлер илеуден түтікті шығарып алып, сыртын суреттермен өрнектейді.

Сен білесің бе? Қарамен жазылған сөздерің жазылуын есіңе сақта.

III. Ой толғаныс.

1-топ: Вагон сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс бар.

В – дауыссыз, ұяң.

А – дауысты, жуан.

Г – дауыссыз, ұяң.

О – дауысты, жуан.

Н – дауыссыз, үнді.

 

2-топ: Бес жолды өлең

1 зат есім – вагон

2 сын есім –

3 етістік –

4 сөйлем –

5 мәндес сөз –

IV. Үй тапсырмасы.

23 бет, 15-жаттығу.
Ережелерді қайталау.

V. Бағалау

Бағалау критерийі:

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

«3» — 1- 2  толық қамтылса;

Топ басшылары бағалайды.

 

 

Оқушының аты — жөні

1. Үй тапсырмасын орындауы

2. Жаңа сабақты меңгеруі.

3.Жаттығу жұмыстарын орындауы

4. Қосымша тапсырмаларды орындауы.

5. Қорытынды баға

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді: __________   ТІМ Амиргазина Т.М.                                                   

 

- 2562327

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар