БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАБІЛЕТІН ҰШТАП, ДАРЫНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

8 сәуір 2017 - Күлзия Есенқызы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАБІЛЕТІН  ҰШТАП, ДАРЫНЫН ДАМЫТУ  ЖОЛДАРЫ

 

Масалимова Маве Бакеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

«№188 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Наурызбай ауданы, Алматы қаласы

                                                                                                        

                                                                                                        

        Егемен елімізде табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және соны жасайтын ұрпақ дайындауды көрсетеді. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәжірибеде тиімді пайдаланумен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілуде. Бұл тұрғыда бастауыштың негізгі міндеті — бала қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген іскерлігі мен ықыласын қалыптастыру. Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине, мен де өз тәжірибемде әртүрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолданамын. Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, білімді өздігінен табу, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, жаңа технологиялар мен ақпарат көзі компьютерді енгізе отырып, алдыма келесі мақсат қойған едім:

·          Әр оқушыға оның мүмкіндіктерін ашып көрсету;

·          Әр оқушының ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыру;

·          Өз бетімен дами алатын оқушыларды тәрбиелеу;

·          Өз бетімен жұмыс жүргізе алатын оқушыларды орта буын мектепке шығару;

Оқу үрдісінде оқушының өз бетімен жұмыс істеуге қызықтыратын келесі ұйымдастыру формаларды қолданамын:

1. Сабақ үстінде — жаппай ынтымақтастық;
2. Сабақтан тыс — топтық, ұжымдық;
3. Сабақта, сабақтан тыс жұмыста — жұптық тапсырмалар;
4. Жеке жұмыс — жоспар бойынша дарынды балалармен жұмыс;

Оқушының өздігінен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыруда алғашқыда оқулықтағы кейбір жаттығулар негіз болады. Мысалы:

Қазақ тілі. Сызба бойынша сөйлем құрастыр.
Математика. Кері есептер құрастыр. т/б.

Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс — тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Тек қана шығарма немесе мазмұндама ала берсең, бала дұрыс нәтиже де бермейді; немесе, математика сабағында мысал орындата берсең, есеп шығаруға қызығушылығын оята алмасаң, бала бойында өз бетімен жұмыс түгілі міндетті деңгейді де ұғындыру қиынға созады.

Өздігінен оқушының орындайтын тапсырмалардың түрлері:

·          теріп жазу;

·          бақылап белгілеу;

·          үлгіге қарап орындау;

·          құрастыру;

·          сәйкестендіру;

·          үйлестіру;

·          түрлендіру;

·          ВЕНН диаграммасымен салыстыру;

·          Жоба бойынша жұмыс істеу; т/б.

Осы әдіс — тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір қасиеттер пайда болады:

·          іс жүзінде білімін қолданып көру;

·          өз ойын жүйелеп жеткізу;

·          талас, пікірталас, ой талас;

     Сабақтарымда өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу мақсатымен көптеген әдіс — тәсілдерді қолдануға тырысамын.

 Ж. Караевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының элементтерін қолданамын. Сонда мынандай тиімді жақтары барын байқадым:

·          оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;

·          жеке дара қабілеттері айқындалады;

·          оқушылар өз деңгейінде бағаланады;

·          өз ойын жеткізуге үйренеді;

·          жеңілден күрделіге көше отырып, жеке тұлғанын ойлау қабілетін жетілдіреді;

·          сабаққа деген қызығушылығы артады;

     Әр тақырып бойынша құрған деңгейлік тапсырмалар. «Жаттықтыру парақтары» арқылы оқушылардың білім деңгейлерін байқап, сол бойынша бақылаулар, тест жұмыстарын беріп отырамын. Тексеру кезінде әр оқушының жеке табысқа жетуін есепке алып отырамын.

     Әр баланың қабілетіне қарай тапсырма беріледі. Шығарма жазуға қабілетті, сөз байлығы мол оқушыларға шығарма жазуды тапсырамын; сурет салуға икемі бар оқушы туған ауылының табиғатынан сурет салуды; шығармашылықпен айналысатындарға кітапша жасауға беремін; қалғандарына — өлең жаттауға, табиғат көрінісін бейнеленген суреттер жинауға тапсырма бердім.

     Бастауыш сатыда оқытудағы әдістемелік негізгі элементтерінің бірі — тірек сызбалар. Сондықтан, өз жұмысымда, сабақ берудің үстінде, ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолданып отырамын. Осындай тірек сызбаларды қолдана отырып, бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынамын.

Сабаққа деген қызығушылығын туғызу және арттыру үшін ойынды пайдалану орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түсіндіріп отырған материалды оқушыға зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы құлшыныспен, әрі сапалы орындайтын болады. Осы әдіс — тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір қасиеттер пайда болады.

     Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалпын құяды. Ол өзгермелі, үнемі даму үстінде болатынын, тоқтап қалмай, үнемі өсу керектігін ескерейік.

- 2511569

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар