ашық сабақ Теңдеуді шешу

11 наурыз 2017 - Асем Молдыбаева

САБАҚ: Теңдеуді шешу

Мектеп:

Күні: 01.03.17

Мұғалімнің аты-жөні: Молдыбаева А.Ж.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін Оқу мақсаттары

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы азайту және қосу байланысының негізінде шешу

 

Сабақтың

мақсаттары

*таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу;

*қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолдану.

* Оқушылардың кез келген теңдеуді шешуге қажетті тәсілді таңдай білу дағдысын бекіту.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

Белгісіз азайтқышы, белгісіз азайғышы бар теңдеулерді шеше алады; теңдеуді шешу алгоритмін айта алады;  жоспарланған тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;

 

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Теңдеу, белгісіз азайғыш, белгісіз азайтқыш, айырманың мәні, белгісіз қосылғыш; қосындының мәні;

Қосылғыш-слагаемое-summand

Қосындының мәні- сумма-sum

Азайғыш-уменьшаемое-minuend

Азайтқыш—вычитаемое-sudtrahend

Айырманың мәні-разность-difterence

Диалог пен жазуға  пайдалы сөз тіркестері:

— Теңдеу дегеніміз не?

-Белгісіз  компоненті бар өрнекті қалай атаймыз?

— Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді қалай шешеміз?

— Белгісіз азайғышы бар теңдеуді қалай шешеміз?

— Белгісіз қосылғыш болып не табылады?

— Белгісіз азайғыш болып не табылады?

 

Бұған дейін алынған білім

Өзара кері амал тақырыбына байланысты әр оқушыға парақшада берілген тапсырмаларды орындату.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған шаралар (бағаналардың мазмұнын жоспарланған шаралармен ауыстырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басталуы

3 мин

Психологиялық ахуал.

Балалар – гүлім менің,

Балалар – күнім менің.

Балалар нұр сыйлайтын,

Бүгінгі күнім менің, — дей отырып, балалар, сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін!

Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.

Оқушылар:

Кеудемдегі күн күлсін,

Бізге шуақ, нұр құйсын.

Мейірімді жан,өзіңмен,

Көңіліміз жайнап құлпырсын!

— Олай болса, осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Мен сендерге осы сабақта өз білімдеріңді көрсете алады деп сенемін.

— Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін!

Күн суреті салынған төсбелгі

Ширату жаттығуы

2 мин

Математикалық диктант

1. 8-ден 2-ге кем сан ...

2. 6-ны 3-ке арттырса болады ...

3. 7 саны құрамында 3 және ...

4. Бірінші қосылғышы 5, екінші қосылғышы 2. Қосындының мәні ...

5. Азайғышы 6, азайтқышы 3. Айырманың мәні тең ...

 

 

Сабақтың ортасы

Тақырыптың мазмұнын ашу

25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-               Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз, алған білімдерімізді ортаға саламыз. Ендеше, саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?

-               Автобусқа міну үшін бізге не қажет?

-               Ендеше, балалар, жол жүру билетін мен сендерге таратамын, ал сендер ондағы тапсырманы орындауларың керек.

«Билет» ойыны. Алдарыңда жатқан парақшаларда  теңдеулер жазылған, сол теңдеулерді шешсеңдер, сендерге жол жүру билетін беремін.

12-х=7        10+x=3        x-6=12     x+13=20

-         Жарайсыңдар, балалар! Міне, енді

 бәріміздің жол жүру билеттеріміз бар. Енді біз саяхат жасауға дайынбыз. Біз бүгін «Көктемгі орманға саяхат» жасаймыз.

— Орманда қандай аңдар бар екен, олардың көктемгі тіршілігі қандай екенін байқайық.

Орманда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма? Ормандағы жануарлар теңдеу шешкенді және басқа есептер шығарғанды қатты ұнатады екен, олар сендердің білімдеріңді тексергілері келеді. Білімдеріңнің жақсы екенін көрсетесіңдер ғой?

Слайд 1

— Балалар, міне орманға да келіп жеттік. Орман ішіне кірмес бұрын біз алдымен мына сұрақтарға жауап берейікші:

— Теңдеу дегеніміз не?

-Белгісіз  компоненті бар өрнекті қалай      атаймыз?

— Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді қалай шешеміз?

— Белгісіз азайғышы бар теңдеуді қалай шешеміз?

— Белгісіз қосылғыш болып не табылады?

— Белгісіз азайғыш болып не табылады?

  — Жарайсыңдар, балалар! Орманда түрлі жануарлар, жәндіктер мекендейді. Сол үшін де абай болып, жан-жағымызға қарайлап жүруіміз қажет.

Слайд (Көктемгі орман)

— Балалар, мына ағаштың төбесіне қараңдаршы. Бұтасында не отыр? (Тиін)

Тиін күзде саңырауқұлақ, жаңғақтарды жинап кептіріп, сонымен қоректенеді екен. Бірақ оның саңырауқұлақтары мен  жаңғақтары таусылып қалғанға ұқсайды, қарны аш сияқты. Біз оған саңырауқұлақ пен орман жаңғақтарын теріп берейік. Ол үшін дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз және оқулықтағы тапсырманы орындаймыз:

Қобдишада неше інжу бар?

Теңдеу құрастыр және оны шеш.

— Жарайсыңдар, балалар. Міне, тиін сендерге алғысын айтып жатыр.

Слайд(қоян)

— Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Мынау қандай жануар? ( қоян)

Қоян да сендерге тапсырма бергісі келеді екен. Қане, көрейік ( бүтін мен бөлік)

Слайд ( қоянның тапсырмасы)

— Өте жақсы, балалар. Қоян да дән риза сендерге. Ары қарай кеттік пе?

 Слайд (түлкі)

Мына түлкі бізді ары қарай өткізбеймін дейді. Менің де тапсырмамды орындаңдар дейді. Қайтеміз? Орындаймыз ба?

Слайд (түлкінің тапсырмасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақшалар

Фломастерлер

 

 

 

 

 

Бейнекөрініс

 

Сабақтың соңы

10 минут

 

— Міне балалар, орманның шеті де көріне бастады. 

 Мына жаққа қараңдаршы, жерде жыбырлаған не болды екен? (кірпі)

Кірпі сендерге  ойын ұсынғысы келеді.

 Ойын «Лото» деп аталады.

  — Міне балалар, біздің саяхатымыз аяқталып та қалды. Сендерге орманда серуендеген ұнады ма?

Мен ойлаймын орман жануарлары сендерге өте риза деп. Мен де бүгінгі саяхатымызда сендердің белсенділіктеріңе өте риза болдым. Рахмет сендерге. Біз көктемгі орманнан құр алақан  оралған жоқпыз, иә, балалар. Біз өзімізбен бірге көктемнің алғашқы гүлін ала келдік. (қонақтарға тарату)

-Ал, қазір, теңдеу тақырыбын қаншалықты жақсы меңгергенімізді тағы бір мәрте тексеру үшін, алдарыңда жатқан парақшалардағы тапсырмаларды орындай қойыңдар.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай  тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау –  «Кеме» әдісі

— Егер сабақ ұнаса және тапсырмаларды сәтті орындасаң, желкенді жасыл түске бояйсың.

— Егер сабақта белгілі қиындықты кездестірсең желкенді сары түске бояйсың.

— Егер сабақ барысында тапсырманы орындау қиын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді қызыл түске боя.

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация тапсырма, нәтиже, қолдау көрсету, бөлінген уақыт, пайдаланылған ресурстар түрінде көріне алады.

Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Дескрипторлар:

— санның құрамын ажырата алады;

— ауызша есептей алады;

-

 

Пайымдаулар

 

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не нәрсеге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ бойынша бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап  беріңіз.

Мақсатқа жеттім.

 

Оқушылар теңдеу құрып, оны шешуді, математикалық тілде сөйлеуге, жұппен жұмыс жасауды үйренді.

Оқыту атмосферасы жылы, жақсы көңіл-күйде болды.

 

Келді.

 

Уақыттық кестені ұстандым. Жоспардан ауытқушылық болған жоқ.

Қорытынды бағалау

Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1: Жұппен жұмыс істей алады

2: Оқушылар теңдеу шеше алды.

Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

2:

Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?


 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышТолық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру

- 2000684

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар