Баубек Бұлқышев. Ана

8 қаңтар 2018 - Анар Мейзбекова

Тақырыбы: Баубек Бұлқышев. Ана

Мақсаты: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру.  «Ана» мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқуға жаттықтыру.  2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын  молайту.  3.Ананы құрметтеуге, сыйлауға, өнеге тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тіл дамыту.

Көрнекілігі: Слайд

                            Сабақтың барысы:

1 слайд.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Білім алып қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

2 слайд.

2.Өткенді қайталау.

1. Өлең шумағын жатқа айту.

2. Ана тілі туралы жазған шығармаларын оқиды.

3 слайд.

Ғафу Қайырбековтың өткен сыныптарда өтілген өлеңдерін еске түсіру.

 Ғафу Қайырбековтың «Ана туралы жыр.» әні орындалады.

3 слайд.

Ойтолғаныс. Ауызша.

-  «Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Әр оқушы өз ойларын ортаға салады.

— Дұрыс айтасыңдар. Ана баласы үшін  өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келген сый-құрметін көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, суретші сурет салады, сазгер ән шығарады. Ал мүсінші болса мүсін жасайды. Енді мына суретке қараймыз.

4 слайд.

Ескерткіштің суреті.   

— Балалар мына сурет сендерге таныс па? Қай жерден көрдіңдер? Бұл кім?

—  Енді мыны сурет туралы не айтар едіңдер?

4.Жаңа сабақ. –Дұрыс айтасыңдар. Елді қырғынға ұшыратқан, қаншама аналарымызды жесір, балаларды жетім қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы басталып, 1945 жылы 9- мамырда біздің жеңісімізбен аяқталды. Биыл біздің Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осы соғыста  ерлік көрсеткен қаншама аға, апаларымыз болды. Батыр, қаһарман, ержүрек батырларымыздың аттарын кім атап береді?

  -Сонымен қатар осы соғысқа қатысқан біз біле бермейтін батырларымыз қаншама. Сондай бір батыр аталарыңның бірі жазушы Баубек Бұлқышев.

 5 слайд. Өмірбаяны.

             Баубек  Бұлқышев 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысына алғашқы күндерден бастап қатысқан. Көркемсөз шебері, ержүрек жауынгер, 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.

Баубек аталарыңның «Балалық шақ», «Есімде қанды жорықтар», «Айсұлу» атты поэмасы бар. Соның ішінде соғыста, оқтың астында жүріп анасын сағынғанда жазған «Ана» шығармасына тоқталамыз.

6 слайд.

Дәптерге күнді, тақырыпты жазу.

7 слайд.

Таспадан «Ана» шығармасын тыңдату.

8 слайд.

5. Кітаппен жұмыс.

1.      Оқушылар іштей оқиды.

2.      Азат жолдан оқытып, талдау.

6.Зерттеу жұмыстары. Аттары аңызға айналған аналар.

9 слайд.

7. Сөздік жұмыс.Мағыналас сөздерді табу.

Уанбай- жұбанбай, көнбей, тоқтаусыз жылай беру.

Құндақта- жөргекте, бесікте

10 слайд.

Құндақтағы бала.

11 слайд.

 Баланың өсу сатысы.

— 1 жасқа дейінгі жаңа туған баланы шақалақ дейді екен. 1мен 2 жас аралығын бөпе, бөбек, 2 мен 3 жас аралығын бүлдіршін, 3 пен 5 жас аралығын балдырған, 6 мен 7 жас аралығын сәби, 8-12 жастағы баланы ойын баласы, 13-15 жастағы баланы ересек бала, 16-19 жастағы баланы бозбала десе 20-30 жастағыларды жас жігіт, дүр жігіт, ер жігіт, жігіт ағасы деп атайды екен.

8. Дәптермен жұмыс.

12 слайд. (Тірек сөздер: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны) Шығарма жазу. Екінші азат жолды қайта оқыту.

13 слайд.

Суретпен жұмыс.

14 слайд.

Шығармашылық жұмыс.

         ____________________________ данасың,

____________________________ панасың.

____________________________баласын

 ___________________________ анашым.

Қорытынды.

15 слайд .« Күн»

Сызбамен жұмыс.

16 слайд. «Гүлдер» Гүлдерге жасырылған сұрақтарға жауап беру.

-        Ана туралы мақал-мәтел айту.

-        Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?

-        Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі тебіренісін қалай сездің?

-        Анаңа қандай тілек айтар едің?

-        Анаңды қалай қуантқың келеді?

-        Ана туралы  қандай өлең жолдарын білесің?

-        Мәтіндегі «Ананың махаббаты сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады» дегенді қалай түсінесің?

-        «Ана бір қолымен бесікті тербетеді, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мақалды қалай түсінесің?

Жауап берген балаларға қолдан жасалған гүлдерді беру.

17 слайд.

— Ана-ұлы. Ана-қымбат, ана-құдіретті жан. Олай болса ананың құдіретіне бас иейік.

 Үйге берілетін тапсырма: Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінін жатқа айтуға жаттығып келу.

Бағалау. Ақзеренің орындауында «Ана туралы баллада»

  

 

 

 

- 2550912

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар